Қоғам

Хат қалдырған: Алматыда 8-сынып оқушысы бесінші қабаттан секіріп кеткен

almaty.tv

Қайғылы оқиға 18 мамырда таңертең болған.

Алматыда терезеден секіріп кеткен оқушы хат қалдырып кеткен, деп хабарлады turkystan.kz.

Baq.kz сайтының мәліметінше, 8-сынып оқушысының денесі Навои және Торайғыров көшелерінің қиылысындағы үйдің ауласынан табылды. 

Қайғылы оқиға 18 мамырда таңертең болған. 15 жастағы жасөспірім бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен секіріп кеткен. Бұған қоса хат қалдырып кеткен.

Полиция департаменті осы жайтқа қатысты түсініктеме берді.

«Кәмелет жасқа толмаған баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - делінген хабарламада.