Жаңалықтар

"Микротолқынды пеш, тоңазытқыш болады": Биыл 140 жолаушылар вагоны жаңартылмақ

сурет: rail-news.kz

Қазір 50 вагон жеткізілген, бірінші жартыжылдықтың аяғына дейін тағы 12 вагон жеткізіледі деп жоспарланып отыр.

2024 жылы Көлік министрлігі 140 жаңа жолаушылар вагонын жаңартуды жоспарлап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 22 вагонға артық, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Олар барлық заманауи талаптарға сай келеді (ауаны баптау жүйесі, бейнебақылау жүйесі, циркуляциялық ауаны зарарсыздандыру құрылғылары, дәретхана кешендері, розетка, мобильді құрылғыларды/гаджеттерді қайта зарядтауға арналған USB порттар және әр орынның жанында жеке жарықтандыру болады. Микротолқынды пеш, тоңазытқыштар, ауыз су диспенсерлері, қайнатқышпен жабдықталады). Штабтық вагондарда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған купелер бар, - деп жазылған ресми хабарламада.

Ресми мәліметке сүйенсек, қазір 50 вагон жеткізілген, бірінші жартыжылдықтың аяғына дейін тағы 12 вагон жеткізіледі деп жоспарланып отыр.