Жаңалықтар

Прежевальский жылқысының атауы өзгерді

Сурет: https://kk.wikipedia.org

Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қазақстандағы Прежевальский жылқысының тарихи атауы мәселесі бойынша конференция ұйымдастырды, деп хабарлады turkystan.kz.

Оған Зоология институты, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Қазақстандық биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы қатысты.

Жиналыстың қорытындысы бойынша «Пржевальский жылқысының» қазақ тіліндегі атауы «Керқұлан», үтір арқылы «Кертағы» деп аталып, тиісті құжаттарға өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды.