Қоғам

Аида Балаева әнші Қыдырәлі Болмановты құттықтады (ВИДЕО)

коллаж: turkystan.kz

Бұл туралы әншінің жары Қарақат Әбілдина әлеуметтік желіде жазды.

Ақпарат және мәдениет министрі Аида Балаева әнші Қыдырәлі Болмановтың үйіне арнайы барып, туған күнімен құттықтады, деп хабарлады turkystan.kz.

"Бүгін біздің шаңырағымызда шат-шадыман қуаныш! Қыдырәлі Болмановатың туған күнімен құттықтау мақсатында қазақ мәдениетіне қосқан үлесін және ұзақ жылдық еңбегін ескеріп, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева үйімізге ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алғыс хатымен сый-сияпаты алып келді. Бұл естен кетпес ықылас” - деп жазды Қарақат Әбілдина өз парақшасында.

Министрдің үйіне іздеп келгеніне туған күн иесі де риза.

”@aida_balayeva ханымның бұл әрекет әріптесінің тұлғалық қасиетін, дара болмысын, жаңашыл ұйымдастырушылығын, өнерге адалдығын әділ бағалағаны деп түсінеміз. Ілияс Жансүгіровтың “Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе, Ел тегі алсын қайдан кемеңгерді? ” дейтініндей, ел жүрек, ер жүрек өнер адамын, талантты азаматын сыйлаған үкіметімізге, Мемлекет басшысына отбасымыздың атынан айрықша алғыс айтамыз. Еңбектеріңізге зор абырой тілеп, әр бастамаларыңыздың рухани қолдаушысы болудан аянбайтынымызды да жеткіземіз!” - деді жазба авторы.

        Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Karakat Abildina (@karakat_a)