Сотталған блогер Мейіржан Төребаев үйіне барды (ВИДЕО)
Әкелерінің келгеніне балалары қуанып жатыр.
Қаржы пирамидасын құрды және оны жарнамалады деген айыппен жауапқа тартылған танымал блогер Мейіржан Төребаев үйіне барды, деп жазды turkystan.kz.
«Мейіржанның заңда белгіленген қысқа мерзімді демалысы бар (113-бап, мекемеден тыс жүру). Оны көрген балалардың бақыттан басы айналып жатыр. Кішілерінің тілдері шығып, әкелеріне көп сұрақ қойып жатыр. Үлкендері саналы, әкелерінің жанында сабырлы болып отыр. Жақын арада оның Павлодарға қайта кететінін түсініп, барынша құшақтап жатыр. Онда Мейіржан күндіз «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында жұмыс істеп, кешке мекемеге қайтады. Ең бастысы, ана жүрегі тынышталды. Ұзақ болмаса да, жалғыз ұлы қасында», – деп жазды әйелі Дана Есеева.
Еске салайық, Мейіржан Төребаев Қылмыстық кодекстің 217-бабы бойынша кінәлі деп танылып, сот үкіміне сәйкес, ең төменгі қауіпсіздік колониясында бес жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram