Жаңалықтар

Бұдан былай мемлекеттік тілді, тарихты білмегендерге азаматтық берілмейді – ІІМ өкілі

ашық дереккөз

Мысалы, Германияда азаматтық алу үшін үміткерлерге неміс тілін білуге, мәдениеті мен дәстүрлерін сақтауға жоғары талаптар қойылады.

Бұдан былай мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, еліміздің тарихы мен Конституциясының негіздерін білмеген жағдайда азаматтық берілмейді. Қажетті деңгейді Ғылым және жоғары білім министрлігі айқындайтын болады, деп хабарлайды turkystan.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев баспасөз брифингінде мәлім етті.

"Тілді білу қоғамға тезірек сіңіп, мемлекет өміріне араласуы үшін қажет. Айта кету керек, бұл түзетулер әлемдік тәжірибеге сай. Көптеген елде азаматтық алу үшін мемлекет тарихы мен мемлекеттік тілді білу бойынша емтихан тапсыру қажет. Мысалы, Германияда азаматтық алу үшін үміткерлерге неміс тілін білуге, мәдениеті мен дәстүрлерін сақтауға жоғары талаптар қойылады. Канадада тарихты және жергілікті тұрғындардың міндеттерін білу, сондай-ақ провинцияға байланысты ағылшын немесе француз тілдерін білетіндігін растайтын тест тапсыру қажет", – деді ол.

Сонымен қатар ол қос азаматтықты болдырмау үшін ҚР азаматтығынан айырудың жаңа негізі енгізілгенін атап өтті.

"Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін басқа мемлекеттің паспорттарын пайдаланған жағдайда, біздің еліміздің азаматтығы тоқтатылады. Бұған дейін шет мемлекеттің азаматтығын алғаны үшін ғана ҚР азаматтығы тоқтатылатын", – деді ол.