Жаңалықтар

Шымкентте 24 жастағы келіншек үшемді дүниеге әкелді

qaz365.kz

Қала тұрғыны мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 31-аптасында қалалық перзентханада босанған

Шымкент қаласының 24 жастағы тұрғыны Айгүл Бақытжанқызы үшемді дүниеге әкелді, деп хабарлады turkystan.kz.

Otyrar.kz сайтының мәліметінше, сәбилердің үшеуі де ұл. Оларға Мырзахмет, Нұрмаханбет, Дінмұхаммед есімдері берілді. 

«Қала тұрғыны мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 31-аптасында қалалық перзентханада босанған. Сәбилердің бірінің салмағы 1580 грамм болса, екіншісі − 1640 гр, үшіншісінің салмағы – 1610 грамм», - делінген қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Дәрігерлер сәбилерді алдымен жансақтау бөлімінде тұрақты бақылауда ұстап, тиісті ем-шараларды жасаған. Содан кейін палатаға шығарған. Едәуір салмақ жинап, жағдайлары жақсарған үшем мен олардың анасын бүгін Шымкенттегі перзентхана қызметкерлері салтанатты рәсіммен үйлеріне шығарып салды.

Айта кетсек, жыл басынан бері қалада 10913 сәби дүниеге келген. Оның 5579-ы ұл болса, 5334-і қыз. Егіздердің саны 107-ге жетіп, төрт үшем өмірге келген.