Қазақстанда алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Еліміздің басым бөлігінде күн жауын-шашынды болады.
«Қазгидромет» РМК 21-23 мамыр күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
Синоптиктердің болжамынша, еліміздің басым бөлігінде күн жауын-шашынды болады.
«Атмосфералық фронттардың әсерінен облыстарда найзағай ойнайды, бұршақ пен жаңбыр жауып, жел күшейеді. Тек батыста жоғары қысымның әсерінен жаңбыр тоқтап, түнде ауа температурасы 2 градусқа дейін төмендейді», - делінген хабарламада.
Оңтүстік-батыс ағындары мамыр айында күндізгі температураның көтерілуіне ықпал етеді.
«Батыс, оңтүстік аймақтарда 18-28 градусқп дейін, солтүстік, орталық, шығыс аймақтарда 15-23 градусқа дейін жоғарылайды. Тек 23 мамырда еліміздің қиыр солтүстігінде 7 градусқа дейін төмендейді», - делінген хабарламада.