Алматыда тағы жер сілкінді
Алматыда бүгін таңертең жер сілкінісі тіркелді
Алматыда бүгін таңғы сағат 10-дар шамасында қуаты 2 балл болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісіне сілтеме жасап.
Жер сілкінісі кезінде не істеген абзал: 1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз; 2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз; 3. Жиhаздан, терезеден ары тұрыңыз; 4. Жасырынатын жерді табыңыз, жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышына барып, жасырыңыз; 5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); -жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз; 6. Үйден шығар алдында суды, газды, электр қуатын өшіріңіз; 7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет); 8. Электр желілерден, ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз; 9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз; 10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.