"Майдангерлер" 5 мамырда көрерменге жол тартпақ

"Майдангерлер" 5 мамырда көрерменге жол тартпақ

"Майдангерлер" 5 мамырда көрерменге жол тартпақ
ашық дереккөзі

Оңтүстікқазақстандықтар Жеңістің 70 жылдығына ерекше тарту жасамақ. Жуырда Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің жанқиярлық ерлігін баяндайтын «Майдангерлер» деп аталатын қысқаметражды фильм жарыққа шығады. Фильмнің режиссері – шымкенттік жас маман Серік Таласов. Бұл туралы Bnews.kz хабарлады. Облыстық Ішкі саясат және дін істері басқармасының тапсырысы бойынша дайындалған 25 минуттық фильм Шымкент қаласындағы «Даңқ» мемориалы мен Қазығұрт шағын ауданында және Бәйдібек ауданының Бірлік елді мекенінде түсірілген. Фильм желісі бойынша басты кейіпкер Болат Бегайдаров екі ағасының соңынан досы Бектемір Жанқожаевпен бірге өз еркімен соғыс майданына аттанады. Екі дос шайқас даласында жауға ерлікпен тойтарыс беріп, елге аман оралады. Киноның түсіріліміне Ошат Рахимов, Мұхан Шакиров, Мәжит Ильясқаров, Асылхан Төлепов, Құпия Рахымбердиева, Айжан Жұмабекова, Ғалымжан Қалыбаев, Құрманай Бақтиярқызы, Олжас Бекбаев, Азиза Түлкібаева, Қабыл Батыр сынды белгілі актерлер қатысқан. Отансүйгіштік пен елжандылықты насихаттайтын бұл фильмның тұсаукесері 5 мамырға жоспарланып отыр. Тұсаукесерден соң «Майдангерлер» отандық телеарналардан көрсетіле бастайды.