Жаһан

Оңтүстік Кореяда ештеңе істемеуден жыл сайынғы жарыс өтті

сурет: edition.cnn.com

Қала үкіметі ұйымдастырған байқауға қатысуға 4 000-нан астам адам өтініш білдірген.

Оңтүстік Кореяда ештеңе істемеуден жыл сайынғы жарыс өтті. Биыл сайысқа 117 адам қатысқан. Бұл туралы CNN хабарлады

Сайыс шарты бойынша қатысушылар 90 минут ішінде мүлдем ештеңе істемеуі керек. Қатысушылардың жүрек соғу жиілігі бақыланады. Ал жеңімпаз деп жүрек соғысы ең төмен, тұрақты болған адам танылады.

Қатысушылар "демалуға" өтініш бере алады. Бұл кезде олар қозғалып, "демалып ала алады".

Жарысқа қатысушылар арасында конькимен жүгіруші, Олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері Квак Юн-Джи де бар.

Қала үкіметі ұйымдастырған байқауға қатысуға 4 000-нан астам адам өтініш білдірген.