Қазақстандықтар маусымда қанша күн демалады?
Маусымда бес күн жұмыс істейтіндер 11 күн демалады
Маусымда қазақстандықтар Құрбан айт мейрамын тойлайды. Еңбек министрлігі бұл мейрамды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен бірлесіп бекітіп, демалыс күні деп жариялаған болатын.
Биыл Құрбан айт 17 маусым, дүйсенбіге сәйкес келеді. Осылайша қазақстандықтар Құрбан айтта 3 күн демалады: 15, 16 және 17 маусым.
Маусымда бес күн жұмыс істейтіндер 11 күн демалады: 1, 2, 8, 9, 15, 16, 17, 22, 23, 29, 30 маусым.
Ал алты күн жұмыс істейтіндер 6 күн демалады: 1, 8, 15, 17, 22, 29 маусым.