Қоғам

3 жасар қыздың өлімі: полиция істің мән-жайын айтты

Оны іздеуге полиция, Төтенше жағдайлар министрлігінің, әкімдіктің өкілдері, құтқарушылар, еріктілер мен мүдделі азаматтар жұмылдырылды

Түркістан облысының полиция департаменті әжетханадан өлі табылған 3 жасар қыздың өлімінің мән-жайын айтты, деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысы ІІД Криминалдық полиция басқармасы мен Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде із-түссіз жоғалған қыздың денесін көрші үйдің даладағы әжетханасынан тапты.

"Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған қызының жоғалып кеткені туралы полицияға хабарласқан. Оны іздеуге полиция, Төтенше жағдайлар министрлігінің, әкімдіктің өкілдері, құтқарушылар, еріктілер мен мүдделі азаматтар жұмылдырылды.

Айта кетейік, Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Сіргелі ауылында жоғалған үш жасар қызды іздеу жұмыстары 3 күн - 2024 жылғы 16 мамырдан бастап жүргізілген.