Атырау облысында мопед қаққан жасөспірім қайтыс болды

19 мамыр, 2024 / Ақмарал Берекет
Видеодан алынған кадр
Жол-көлік оқиғасы 18 мамырда тіркелген

Атырау облысында мопед жүргізушісі жасөспірімді қағып кетті. Зардап шеккен жасөспірім аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды, деп жазады turkystan.kz.

Жол-көлік оқиғасы 18 мамырда тіркелген. 

Күндізгі сағат 15:25 шамасында Индер ауданының Бөдене ауылында мопед көлік құралы жаяу жүргіншіні қағып құлатқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші Индер аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Бірақ зардап шеккен жасөспірім ауруханада қайтыс болды. 

Адам өліміне себепкер болған жол-оқиғасын жасаған мопед жүргізушінің жасөспірім екені анықталып отыр. Биылғы наурыз айында бұл жасөспірімнің осындай құқық бұзғаны үшін заңды өкіліне әкімшілік хаттама толтырылған. Алайда, жасөспірім ескертуге қарамастан мопед жүргізуді жалғастырған. 

Тэгтер:

Атырау облысы мопед