Қоғам

Атырау облысында жол қозғалысына шектеу қойылды

Сондай-ақ БҚО-дағы Атырау-Орал автожолының 189-492 шақырымында жүк көліктері қозғалысына шектеу қойылды

Атырау облысында жол қозғалысына шектеу қойылды, деп жазады turkystan.kz.

Су басу қаупіне байланысты келесі автомобиль жолдарында көліктің барлық түріне шектеу қойылды.

1. «Атырау-Орал» автожолының 71-179 шақырымы (Махамбет - Индер елдімекендердің учаскесі;

2. «Атырау-Орал» автожолының 179-189 шақырымы (Индер елдімекені - БҚО шекарасы).

Сондай-ақ БҚО-дағы Атырау-Орал автожолының 189-492 шақырымында (Орал қ. - Атырау облысы шекарасы учаскесі) жүк көліктері қозғалысына шектеу қойылды.