Песков Путин мен Трамптың қашан кездесетінін айтты

Песков Путин мен Трамптың қашан кездесетінін айтты

Песков Путин мен Трамптың қашан кездесетінін айтты
ашық дереккөзі
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей және АҚШ президенттерінің алғашқы кездесуі шілде айының басында Гамбурге өтетін "Үлкен жиырмалық" саммитінде өтуі мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы centralasian.org хабарлады. 
"Оған дейін кездесу белгілемесек, онда президенттер Гамбургте шілде айының басында G20 саммитінде кездеседі, өйткені бұл екеуі де қатысатын алғашқы шара", – деді Песков CNN телеарнасына берген сұхбатында. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуі қашан өтетінін білмейтінін мәлімдеген еді. Трамп Путинмен ұлықтау салтанатынан соң телефон арқылы сөйлескен. АҚШ және Ресей президенттері бірін-бірі бірнеше мәрте мақтап мәлімдеме жасады. Трампты Ресеймен байланыстары үшін сынаушылар көп. АҚШ-тың арнайы қызметі Ресейді америкалық сайлауға араласқаны және Демократиялық партияның компьютерлерін бұзғаны үшін айыптап отыр. Кремль бұл айыптауларды жоққа шығарды.