Спорт

Elorda Cup турнирі: Сағындық Тоғамбай жеңімпаз атанды

Туризм және спорт министрлігі

Арағы екі жыл салып отандасымыз қытайлық боксшыдан есе қайырды

92 келі салмақ дәрежесінде финалдық кезеңге шыққан Сағындық Тоғамбай шешуші айқаста қытайлық боксшы Хань Сюэчжэньмен қолғап түйістірді, деп жазады turkystan.kz kazinform-ға сілтеме жасап.

Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен қазақстандық боксшы жеңіске жетті. Осылайша Сағындық елордадағы турнирдің алтын жүлдесін қанжығасына байлады. 

2022 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия чемпионатының жартылай финалында Сағындық Тоғамбай Сюэчжэньге есе жіберіп, қола жүлдегер атанған еді. Арағы екі жыл салып отандасымыз қытайлық боксшыдан есе қайырды.