ҰҚК Қырғызстанмен шекарадағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады
Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр
БАҚ-та Бішкек қаласындағы түнгі тәртіпсіздіктерден кейін пәкістандық студенттердің Қырғызстаннан Қазақстанға өтуге жиналып жатқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Алайда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды.
Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.
"Қазақстан мен Қырғызстанның шекарашылары Бішкек қаласындағы қалыптасып отырған жағдай туралы үздіксіз ақпарат алмасып отыр", - делінген хабарламада.