«Ғажайып көрпе»: БҚО-да алаяқ төсек жабдығын 300 мың теңгеге сатқан
Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
БҚО-да алаяқтар егде жастағы әйелдің сеніміне кіріп, түрлі ауруға ем болады деген сылтаумен «ғажайып көрпені» 300 мың теңге ақшаға сатқан. Әйел адам өтірікшілерге 140 мың теңге ақшасы мен алтын әшекейлерін ұстатқан, деп хабарлады turkystan.kz.
Алайда сатушыдан күдіктенген әйел дереу полиция қызметіне хабарласады. Кезекші полицейлер бір тәулік ішінде Ақтөбе облысының аумағында жүрген алаяқты ұстады.
"Жәбірленушіге ақша мен алтын әшекейлер қайтарылды. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде", - деп жазылған ІІМ таратқан хабарламада.