Қазақстандық теннисші Италиядағы турнирдің алтын жүлдесіне таласады

17 мамыр, 2024 / Өтей Торғайұлы
Сурет: ҚТФ
Анна Данилина Парма (Италия) челленджер турнирінің финалына шықты.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген Данилина мен ресейлік Ирина Хромачёва жартылай финалда чехиялық Мириам Колодзиэёва – Анна Шишкова жұбымен шеберлік байқасты, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазақстандық-ресейлік жұп небәрі 19 минутқа созылған бірінші партияда бет қаратпады. Есеп – 6:1. Осыдан кейін чехиялық дуэт бәсекені жалғастырудан бас тартты.

Анна Данилина – Ирина Хромачёваның жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Тэгтер:

Қазақстан Турнир Италия