Денис Евсеев Оэйраш (Португалия) челленджер турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлады turkystan.kz.
Д. Евсеев ширек финалда отандасы, әлемнің 174-ракеткасы Бейбіт Жукаевпен жолы түйісті. Бірінші партияда Денис 6:4 есебімен басым түссе, екіншісінде Бейбіт есе қайырды. Есеп – 6:2.
Шешуші, үшінші сетте Евсеев сәтті ойнады. Есеп – 6:3.
Енді Денис Евсеев финалға шығу үшін әлемнің 200-ракеткасы, швециялық Элиас Имермен кездеседі.