Жаңалықтар

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

freepik.com

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы болады.

«Қазгидромет» РМК 18-20 мамыр күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы болады.

«Оңтүстік циклон барлық облыстарда қарқынды жаңбырдың жаууына, найзағайдың туындауына және бұршақтың түсуіне себепші болады. Жаңбыр өз кезегінде күндізгі уақытта ауа температурасының төмендеуіне әкеледі. Солтүстік және орталық аймақтарда 10-18 градус жылуға дейін, шығыс және оңтүстік аймақтарда 15-23 градус жылуға дейін, ал тек батыс аймақтарда оңтүстік ағындардың келуі 15-23 градус цельсийге дейін шамалы көтеріледі», - делінген хабарламада.