Жаңалықтар

«Флюорографияға жазылыңыз»: Алаяқтықтың жаңа түрі шықты

anticorr.media

Алаяқтар телефонға келген кодты хабарлауды сұрайды

Павлодар облысының полиция департаменті тұрғындарды алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Алаяқтар медициналық мекеме қызметкерлері ретінде қоңырау шалып, өздерін таныстырады, содан кейін диспансерлеуге немесе флюорографияға шақырады.

«Тексерудің күні мен уақытын таңдағаннан кейін, олар сізден телефонға келген кодты хабарлауды сұрайды. Код расталғаннан кейін олар жазбаның сәтті өткені туралы хабарлайды. Біраз уақыттан кейін мемлекеттік қызметтерге қол жеткізе отырып, олар сіздің атыңызға несие ресімдейді»,- деді Павлодар облысы ПД криминалдық полициясының киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің бастығы Ризабек Жанат.

Полиция азаматтарды сақ болуға, телефон арқылы sms кодтарын бермеуге және бейтаныс адамдарға жібермеуге, әрқашан хабарламаның кімнен келгенін бірнеше рет тексеріп, оның мазмұнын оқуға кеңес береді.

«Егде жастағы туыстарыңызға қырағы болуды және алаяқтардың айла-амалдарына бой алдырмауды ескертіңіз. Егер алаяқтыққа күдік болса, бұл туралы полицияға хабарлауды ұмытпаңыз», - делінген хабарламада.