Жаңалықтар

«Екі жігіт бей-жай қарап тұрған»: Алматыда ер адам лифт алдында әйелді аяусыз ұрған

tvspb.ru

Аталған жағдайға Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінде ер адамның әйелді аяусыз ұрып жатқан бейнежазбасы тарады, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform.kz-ке сілтеме жасап.

Бейнероликтен ер кісі мен әйел адамның арасында жанжал туып, нәтижесінде ер кісінің қол жұмсағанын және өзге екі адамның оқиғаға бей-жай қарап тұрғанын көруге болады.

«Бір ер адам әйелді ұрып жатыр. Екеуі қарап тұр. Бұған не деуге болады? Әйел ер кісімен ажырасқан», – делінген бейнежазбада.

Аталған жағдайға Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

«Ұрып-соғу фактісі бойынша іс қозғалды. Күдікті ұсталды. Ол міндетті түрде жауапқа тартылады. Сонымен қатар жәбірленуші дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберілетін болады», – деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.