Жаңалықтар

«Атырау-Индер» бағытында тас жол опырылып, көлік шұңқырға түсіп кетті

Атырау облысы ТЖД жедел әрекет ету орталығының баспасөз қызметі

Жолдың 27-ші шақырымы уақытша жабылды.

«Атырау-Индер» тас жолында көліктің шұңқырға түсіп кеткені туралы видео пайда болғаннан кейін өңірде көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұхановтың айтуынша, бұл аумақта жедел қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жолдың 27-ші шақырымы уақытша жабылды.

«Талдыкөл ауылындағы газ құбырынан су ағып, жол опырылып түсті. Зардап шеккендер жоқ. Газ құбыры немесе газ таратудың зақымданғаны туралы дерек тіркелген жоқ. Мамандар жедел қалпына келтіру жұмыстарын жасап жатыр», - деді әкім орынбасары.

Жол бүгін кешке дейін толық қалпына келтіріледі.