Мақпал Жүнісова Нұрғиса Тілендиевпен түскен тарихи суретін жариялады

17 мамыр, 2024 / Анель Жарылғасын
Instagram/zhunusova.makpal
Онда әншінің белгілі композитордың сүйемелдеуімен ән шырқап жатқанын көруге болады.

Белгілі әнші Мақпал Жүнісова желіде әйгілі композитор Нұрғиса Тілендиевпен түскен ескі фотосын көрсетті.

Мақпал Жүнісова тарихи суретті Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Онда әншінің белгілі композитордың сүйемелдеуімен ән шырқап жатқанын көруге болады. Фотода әншінің 7-сыныпта оқитын кезі.

"Ұлы композитор Нұрғиса Тілендиевтің сүйемелдеуімен ән айтып тұрған сәт. Жетінші сынып оқушысы Мақпал Жүнісова", - деп жазды эстрада жұлдызы. 

Тэгтер:

Мақпал Жүнісова Композитор фото Нұрғиса Тілендиев тарихи сурет