Қоғам

Семейде із-түзсіз жоғалып кеткен ағайынды жасөспірімдердің бірінің денесі табылды

Әлеуметтік желі

18 жастағы қыздың денесі "Құрылысшы" профилакториясының маңында судан табылды.

Семейде бір үйдің 16 және 18 жастағы екі жасөспірім із-түзсіз кетті. Жоғалғандарды іздеуге Семей полиция гарнизоны көтерілді. Біреуінің денесі табылды, деп хабарлады turkystan.kz сайты stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Іздеу шаралары Ұлттық ұлан, полиция, құтқарушылар, еріктілер, сондай-ақ белсенді азаматтарды тарта отырып жүріп жатыр.

15 мамырда 18 жастағы қыздың денесі "Құрылысшы" профилакториясының маңында судан табылды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп, бірқатар сараптама тағайындалды.

Кәмелетке толмаған екінші баланы іздеу жалғасып жатыр.

Абай облысы ПД бастығы Бектөре Сұлтан марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.