Жаңбыр, найзағай: 17 мамырға арналған ауа райы болжамы
Қазгидромет мамандары 17 мамыр, жұмаға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Оңтүстік циклоны және соған байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан территориясының басым бөлігіне әсерін сақтайды.
Салдарынан найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Әсіресе оңтүстік-шығыста, оңтүстік-батыста қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болжанады.
Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі сағаттарда елдің солтүстігінде, шығысы мен орталығында тұман түседі.
Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан Павлодар облыстарының солтүстік-шығысында, Павлодар, Абай облыстарының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.
Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Абай, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, Батыс Қазақстаноблысының оңтүстік-батысында, Жетісуоблысының шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Түркістан облысының шөлді аудандарында, Абай облысының Үржар ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.