WBC белбеуінде Қазақстанның туы мен Головкиннің портреті бейнелетін болды

WBC белбеуінде Қазақстанның туы мен Головкиннің портреті бейнелетін болды

WBC белбеуінде Қазақстанның туы мен Головкиннің портреті бейнелетін болды
ашық дереккөзі
WBC белбеуінің дизайны өзгерді. Бұдан былай бұл белбеуде Қазақстанның туы мен орта салмақта WBC-дің жеңілмеген чемпионы Геннадий Головкиннің портреті бейнеленеді. Бұл туралы Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) ресми сайтына сілтеме жасап 24.kz хабарлады.  Головкиннің суреті Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Леннокс Льюис, Шугар Рэй Леонард, Роберт Дюран, Хулио Сезар Чавес, Ларри Холмс, Виталий Кличко, Марвин Хаглер, Томас Хернс, Оскар Де Ла Хойя мен Флойд Мейвезер секілді аңыз боксшылардың қатарында тұрады. «Өз елінің абыройын асқақтатып жүрген Геннадий GGG Головкинге құрмет ретінде Қазақстанның туы түстерді көркем ете түседі, - делінген WBC-дің ресми мәлімдемесінде.