Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 16 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Метеорологтар оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ел өңірлерінің көп бөлігінде өз әсерін сақтайтынын нақтылайды. Мамандар еліміздің солтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтілетінін айтады.
Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста, шығыста қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі, жел соғады. Тек еліміздің солтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Сонымен қатар, республикамыз бойынша желдің екпін алуы сынды ортақ табиғи құбылыс тән, түнде және таңертең солтүстік-батыста, еліміздің орталығында тұман болады.