Жаңалықтар

«Екі полиция қызметкері жарақат алды»: Қонаев қаласында граната жарылды

Сурет: Zakon.kz

Полиция қызметкерінің бірі қалалық ауруханада жатыр.

Қонаев қаласында оқу-жаттығу кезінде граната жарылып, екі полиция қызметкері зардап шекті, деп хабарлады turkystan.kz порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

 

Оқу-жаттығу барысында қызметкерлердің бірі граната лақтырып, салдарынан екі полиция қызметкерінің жараланғаны туралы ақпарат бастапқыда әлеуметтік желіде тарады. Кейін Алматы облысының Полиция департаменті аталған деректі растап, мәлімдеме жасады.

«Оқу полигонында жаттығу сабақтары кезінде жарық-шу гранатасы пайдаланыл, облыстық департаменттің екі қызметкері дене жарақатын алғанын хабарлаймыз. Нәтижесінде олардың біреуі қалалық ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады Алматы облысының Полиция департаментінен.