Жаңалықтар

Атырау облысында құтқарушы қайтыс болды

ТЖД

Ілиястың артында ата-анасы, жары мен 2 кішкентай қызы қалды.

15 мамырда Атырау қаласының № 13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау сержанты Ілияс Әбдіқасым денсаулығы нашарлап, қайтыс болды. Бұл туралы аймақтағы Төтенше жағдай департаменті мәлім етті.

Ведомство өкілдері Ілияс Әбдіқасым азаматтық қорғау органдарында 2020 жылдан бастап қызмет атқарғанын айтқан.

"Қызмет барысында өзін сан қырлы жағынан көрсете білген. Екі дүркін өрт сөндіру кроссфиты чемпионы, гарнизондық өрт құтқару спорты сайысының чемпионы атанған болатын", - дейді марқұмның әріптестері.

Ілиястың артында ата-анасы, жары мен 2 кішкентай қызы қалды.

"Жаны жайсаң, жарқын жан еді. Елінің тыныштығын, халқының амандығын ойлаған құтқарушы болатын. Алды пейіш, арты кеніш болғай! Отбасына, туған туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Әріптесіміздің иманы саламат болып, пейіште нұры шалқығай!" - деп көңіл айтты ведомство өкілдері.