Спорт

Елорда кубогі: Махмұд Сабырхан жартылай финалға өтті

olympic.kz

Махмұд жарыстың ширек финалында өзбек боксшысынан басым түсті.

Бокстан Қазақстан командасы көшбасшыларының бірі Махмұд Сабырхан Астанадағы «Елорда кубогында» жеңіліссіз келеді, деп хабарлады turkystan.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

57 келіде сынға түскен Махмұд жарыстың ширек финалында өзбек боксшысынан басым түсті. 

Бұған дейін Сәкен Бибосынов, Тимур Қабдеш, Кәрім Серкебаевтар бүгінгі жекпе-жектерін жеңіспен аяқтаған болатын. 

Айта кетсек, Астанадағы халықаралық турнирге 8 мемлекеттен келген спортшылар қатысып жатыр.