Қоғам

Жамбыл облысында жасөспірімнің өліміне қатысты тың дерек шықты

t.me/kozachkow

Алдын ала болжам бойынша жасөспірімнің миына қан құйылған.

14 мамыр күні Жамбыл облысының Меркі ауданында жасөспірімдер арасында төбелес болып, бір бала көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz.

Stan.kz сайтының мәліметінше, тергеу барысында анықталғандай, марқұм Сыпатай ауылының тұрғыны Артем Садков болып шықты. Ол наурыз айында 16 жасқа толған.

«Жігіт досымен бірге оқу-өндірістік комбинатқа жүргізуші курсынан өтуге келген. Меркіге оларды әкесі Олег Садков әкелген. Автомектепке барар жолда балалар тамақтанып алмақ болып, піскен жұмыртқа жеді. Осы кезде олардың қасына комбинатта оқитын жергілікті төрт жігіт келді. Біреуі Артемды мазақ етіп, жұмыртқа туралы орынсыз әзіл айтқан. Жасөспірімдер арасында жанжал туындап, әзіл айтқан жігіт өзінің орнына төбелеске досы Асланбек Серікбайды (мамыр айының басында 16-ға толды) жібереді. Ол Артеммен жекпе-жекке шығып, жеңіліп қалған», – делінген хабарламада.

Төбелес бастаған жігіт Асланбекке кастет ұстата қойған, ол онымен Артемның басынан соққы жасаған. Артем құлап, орнынан тұра алмапты. Сол сәтте жасөспірімдер жедел жәрдем шақырған.

Алдын ала болжам бойынша Артемның миына қан құйылған. 

«Асланбек Серікбай уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кәмелетке толмаған баланы өлтіру (15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру) бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық іске қатысы бар тағы бір балаға заңсыз қару алып жүрді деген айып тағылуы мүмкін. Қылмыс орнынан қызыл және сары түсті жұмыртқа қабықтары табылып, айғақ ретінде танылды», – делінген хабарламада.