Жаңалықтар

«Кісі өлтірген, ұрлық жасаған»: Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды

Telegram/Бас прокуратура

Алматы облысында күдікті өзінің ағасымен бірлесіп құны 300 миллион теңгеден астам темекі өнімдерін тасымалдайтын жүк көлігінің жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасаған.

Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен тонау, кісі өлтіру және ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды.

«2022 жылдың наурыз айында Алматы облысында күдікті өзінің ағасымен бірлесіп құны 300 миллион теңгеден астам темекі өнімдерін тасымалдайтын жүк көлігінің жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасаған. Жүргізушіні өлтіріп, мәйітті жол бойындағышұңқырға көмген.

Қылмыс жасаған күдіктілердің бірі ұсталып, нәтижесінде сотталды, ал екіншісі тергеуден қашып үлгерді, сондықтан оған халықаралық іздеу жарияланды», - делінген Бас прокуратура хабарламасында

2023 жылғы тамызда екінші күдікті Түркияда ұсталды.

Қазір ол Астанадағы тергеу изоляторында қамауда.

Осы қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.