Жаңалықтар

22 жастағы блогер оқушыларды ұрып-соққан

Фото: istockphoto.com

Оқиға Қырғыз Республикасының астанасында болған.

Бұл туралы Kabar.kg агенттігіне зардап шеккендердің бірінің анасы хабарлаған, деп жазды turkystan.kz.

Оның айтуынша, оның ұлы Бішкек қаласындағы №70 мектеп-гимназияның 5-сыныбында оқиды, онда блогердің қарындасы да оқитын көрінеді.

"Балалар арасында жанжал болған, оған жас жігіт араласыпты. Ол жасөспірімдермен профилактикалық әңгіме жүргізудің орнына, оларды мектептен тыс жерге апарып, қорқытып, бірнеше рет соққы жасаған. Мен балалар арасында қандай да бір жанжал болғанын жоққа шығармаймын, бірақ оны бізбен - ата-аналармен тікелей шешу керек қой. Менің балам қазіргі уақытта күйзеліске ұшырады, мен ана ретінде мұндай адамдардың қоғам алдында толық жауапкершілікте болғанын қалаймын", - деді ол.

Первомай ауданының ІІБ бұл факт тіркеуге алынғанын, оның шеңберінде сот-медициналық сараптама тағайындалғанын хабарлады. Нәтижелері бойынша құқықтық бағалау берілетін болады. Сонымен қатар, блогердің орналасқан жерін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.