Жаңалықтар

Ерке Есмахан желіде қызу талқыға түскен видеодағы әрекетін түсіндірді

Ерке Есмахан. Коллаж: turkystan.kz

Өнер иесі аталмыш видеода камерадан не себепті қашқанын түсіндірді.

Эстрада жұлдызы Есмахан желіде жолдасы Raim екеуінің тарап кеткен видеосына қатысты пікір білдірді. Өнер иесі аталмыш видеода камерадан не себепті тығылып қалғанын түсіндірді.

Tik-Tok желісінде Ерке Есмахан мен Raim-ның видеосы тарап, елдің қызу талқысын тудырды. Видеода әнші арудың камераны көргенде қаша бастағанын көруге болады.

Оның сөзінше, ол күйеуі күзетшілермен келе жатқандықтан, оларға қабаттаспай кетіп қалмақ болған.

«Бізде Tik-Tok жоқ. Сол үшін өзіміз туралы анау-мынау әңгімелерді көрмей қаламыз. Бүгін бала күтушім күшті деп бір видео жіберіпті. Қарап күлдім. Негізі бұл жерде менің ойым: Назар мен Райм сахнаға ән айтуға келе жатқанын түсіріп жатыр. Күзетшісіне қабаттаспай кетіп қалайыншы, күйеуімнің қасынан деп қашқанмын. Сөйтсем сол тоңқаңдап жүгіріп бара жатқаным шығыпты ғой жарыққа. Бірақ бұл видеоның басқа мағынасы да бар екен. Жолдасымның қамқорлығын қарасаңыздаршы», - деп жазды Ерке Instagram-дағы парақшасында.