15 мамыр күні Қазақстан бойынша дабыл жүйесі іске қосылады
Республикалық штаб Абай ауданында.
15 мамырда Қазақстанның барлық аймағында ескерту жүйесі тексеріледі. Сиреналар сағат 12.55-те қосылады, деп хабарлады turkystan.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, тексеріс «ӨРТ-2024» командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында өтеді.
Республикалық штаб Абай ауданында.
«Оқу-жаттығуда мемлекеттік органдарды, мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің күштері мен құралдарын табиғи өрттерді жою жөніндегі іс-шараларға дайындау мәселелері қарастырылады», – делінген хабарламада.