Экология министрлігі Қазақстанда орман өртіне қарсы қандай шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді

14 мамыр, 2024 / Меруерт Сағымхан
primeminister.kz
Өртті бақылау мұнаралары мен орман өртін сөндіру станцияларының санын көбейту, сондай-ақ өртті ерте анықтау жүйелерін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Үкімет Орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық жарақтандырылуын нығайту бойынша 2023-2027 жылдарға арналған,жалпы сомасы 68 млрд теңгеден асатын кешенді жоспар қабылдады.

Бұл осы саланы қаржыландырудағы рекордтық көлем.


Сонымен қатар, өртті бақылау мұнаралары мен орман өртін сөндіру станцияларының санын көбейту, сондай-ақ өртті ерте анықтау жүйелерін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарындағы өртке ең қауіпті учаскелері мен «Семей орманы» резерватына басымдық беріліп отыр.

Анықтама: Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қорының ауданы 30,9 млн га құрайды, оның ішінде 13,7 млн ​​га орман алқаптары.

Тэгтер:

Қазақстан орман өрті Экология министірлігі