Жаңалықтар

Несие рәсімдеп, казино ойнаған: Алматы облысында колония басшысы қамауға алынды

donbasssos.org

Мекеменің үш қызметкеріне түрлі жазалау шаралары қабылданды.

Тексеру нәтижесінде Алматы облысының прокуратурасы, түзеу мекемелерінде елеулі бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлады turkystan.kz.

Сотталғандар ұялы телефондар пайдалану арқылы онлайн сатып-алуды, кредиттерді рәсімдеп және букмекерлік кеңселер мен онлайн-казино арқылы құмар ойындарға қатысқан. Онда ақша қаражатының жалпы айналымы 3 млрд теңгеден асады.

«№10-шы мекеменің сотталғандары мобильді құрылғыларды қолдана отырып, рұқсат етілген және тыйым салынған заттарды мекеме ішінде сатқан. Аталған дерек бойынша Алматы облысының прокуратурасымен ҚК-нің 361-бабы 2-1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді», - делінген хабарламада.

Іле аудандық сотының үкімімен осы мекеменің үш қызметкеріне түрлі жазалау шаралары қабылданды.

«Бұдан басқа, облыс прокуратурасы ҚК-нің 361-бабы 2-1-бөлігі бойынша №12 және №57 мекемелердің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, №57 мекеме бастығына қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. ​Анықталған деректер, қылмыстық-атқару жүйесіндегі мекеме қызметкерлерінің қатысуымен бұзушылықтардың жалғасып жатқандығын айғақтайды», - делінген хабарламада.

Тергеу жалғасуда және қазіргі уақытта ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды.