Жаңалықтар

Оралда мас ер адам көпқабатты үй ауласында тұрған 7 көлікті қиратып кеткен

видеодан кадр

Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оралда мас ер адам тұрақта тұрған жеті көлікті қиратып кетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Massaget.kz сайтының мәліметінше, 14 мамырда әлеуметтік желіде айғайлап, тұрғын үйдің қасында тұрған көліктердің терезесін сындырып жүрген ер адамның видеосы тарады. БҚО полиция департаментінің мәліметінше, ер адам 7 көлікті зақымдаған.   

«Ер адам токсикоманиялық мас күйінде болған. Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды», - дейді ведомство өкілдері.