Павлодарда итті таспен атқан ер адам жазаланды
Ер адамға 18 460 теңге айыппұл салынды.
Павлодарда итке тас лақтырған тұрғын жазаланды, деп хабарлады turkystan.kz.
Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, ер адам айыппұл арқалады.
Оңтүстік полиция бөліміне қала тұрғынынан Зеленстрой шағын ауданында өтіп бара жатқан адамдар мен иттерге тас лақтырған адамға қатысты шағым келіп түсті.
«Менің доберман итімнің басы мен алдыңғы аяғы жарақаттанды. Итім көрмелерге қатысып отырады. Ол адам лақтырған кірпіш басқа тұрғындарға тиіп кетпегеніне шүкір деп айтуға болады», – деді иттің иесі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР ӘҚБтК-нің 407-бабының бірінші бөлігіне сәйкес ер адамға 18 460 теңге айыппұл салынды.