Ресейде суға батқан автобустың жолаушыларын құтқарған қазақстандық жігіт марапатталды

14 мамыр, 2024 / Меруерт Сағымхан
astanatv.kz
Ресейде автобус апаты 10 мамырда болды.

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында суға батқан автобус жолаушыларына көмекке барған қазақстандық марапатталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Qazaqstan арнасының мәліметінше, Ерхан Ахтановқа қала губернаторы марапат табыстап, қала гербі салынған сағат сыйға тартқан.

Автобус апаты 10 мамырда болды. Сол кезде 26 жастағы отандасымыз оқиға орнына жақын жерде болыпты. Бірден өзенге құлаған автобус жолаушыларын құтқаруға тырысқан. Ол Қарағанды облысы, Шахтинск қаласының тумасы. Санкт-Петербургте білім алып жүр.

Тэгтер:

Қазақстандық Автобус Жолаушылар Ресей құтқарушы өзен