Қоғам

«Әмин» деп дауыстап айтқан: Сарыағаштағы мешітте төбелес болды (ВИДЕО)

скриншот

ҚМДБ Шымкент мешітінде болған төбелеске байланысты мәлімдеме жасады

Әлеуметтік желіде мешітте болған төбелестің видеосы тарады.

Желі қолданушыларының айтуынша, төбелес Сарыағаш қаласындағы «Abdusattar» мешітінде болған. 

Имам «намаз үстінде «Әмин» деген сөзді дауыстап айтуға болмайды» деп ескерткен. Алайда бұл ескертуді елемеген бір адам «әмин» деп дауыстап айтқан. Бұған шыдамаған біреу әлгіні бетінен ұрып, шалқасынан түсіреді.

ҚМДБ Шымкент мешітінде болған төбелеске байланысты мәлімдеме жасап, оқиға 12 мамыр күні кешкі ақшам намазы уақытында болғанын жеткізді.

«Өзге өңірден Шымкент қаласына келген бір топ азамат мешіт имамының ескертуіне қарамастан бірнеше рет жамағат намазын бұзған. Өзге мәзһабта намаз оқыған олар жамағат пен имамның өтінішіне құлақ аспай, мешіт ережесін өрескел бұзған. Намаз кезінде «әмин» дұғасын қатты дауыспен айтқан жандардың әрекетіне төзбеген мешітке тұрақты келуші бір азамат олардың біріне қол жұмсаған. Нәтижесінде имам жамағат намазын тоқтатуға мәжбүр болған»,- делінген хабарламада.