Атырау облысында Махамбет ауданының тұрғындары эвакуацияланды
Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті.
Құтқарушылар Махамбет ауданының тұрғындарына көмек көрсетуде, деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.
Талдыкөл ауылындағы тұрғындар ерікті түрде көшіріліп жатыр. Тұрғындарды эвакуациялауға 25 орындық 4 автобус, 12 орны бар 2 ГАЗель автокөлігі мен 30 қызметкер тартылған.
Махамбет ауданының Талдыкөл ауылынан тұрғындарды Атырау қаласына эвакуациялау жұмыстары жалғасуда.