Жаңалықтар

Шымкентте 11-сынып оқушысы көз жұмды

pixabay

Қайғылы жағдай 12 мамыр күні болған.

Шымкенттегі №9 мектептің 11-сынып оқушысы өзіне қол салып, көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz сайты stan.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай 12 мамыр күні болған. Марқұм үйіндегі өз бөлмесінде табылды.

Өкінішке орай оны аман алып қалу мүмкін болмапты. Мектеп әкімшілігінің мәліметінше шәкірттің үлгерімі жақсы әрі өзі белсенді болған. Және ешкіммен дауласып, ұрыспағанын, есепте тұрмағанын айтты. Қазір бұл іске қатысты Шымкент қаласының полиция департаменті тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.