Қоғам

Бизнесмен Айдын Рахымбаев Гарвард университетінің дипломын алды

Тағы бір қазақ баласы Гарвард университетінің түлегі атанды.

Гарвард университетіндегі оқу аяқталған жайлы Айдын Рахымбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады turkystan.kz.

"Тағы бір көптен күткен мақсатым - Гарвардтың дипломы қолымда! 51 жасымда осы оқудың арқасында жаңа белестер мен есіктер ашылуда. Өмір бойы білімнің маңыздылығын жақсы түсіндім, кейде еш оқымай, жетістікке жетуге болады деп айтып жатады. Ия, мүмкін миллионның ішінде біреу жетер, бірақ барлығы емес. Сондықтан білім алудың ешқашан ерте-кеші жоқ", - деп жазды кәсіпкер.