Жаңалықтар

Сирия азаматтары Шымкент пен Созақта заңсыз аңшылықпен айналысқан

Фото: Түркістан облыстық ПД

Мемлекетке келтірілген шығынның алдын ала есептелген көлемі 1 миллиард теңгеден асады.

Шымкент қаласы мен Түркістан облысының Созақ ауданы аумағында Қызыл кітапқа  енген жануарлар мен құстарды заңсыз аулағаны үшін, сондай-ақ дериваттарды сақтады және сатты деген күдікпен қылмыстық топ мүшелері ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Облыстық Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 7 адамды ұстаған. Олардың төртеуі Қазақстан, ал қалған үшеуі елімізде тұруға ықтиярхаты бар Сирия азаматтары.

«Тінту барысында олардан 382 ақбөкен мүйізін, 119 томаға, 20-дан астам құс ұстауға арналған тұзақ, 7 рация, аңшылық мылтық, 1 пневматикалық мылтық, оптикалық көру құралы, жарықтандырғыш, бинокль, шамамен 15 келіге жуық арқар еті және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді», - деді Полиция департаментіндегілер.

Оtyrar.kz сайтының жазуынша, браконьерлік фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тиісті сараптамалар тағайындалды.