Жаңалықтар

400 млн теңге мен алтын құймаларды заңсыз алып кетпек болған

433 грамм алтын құймаларын және жал­пы салмағы 3 000 грамм коллекциялық монеталарды заңсыз алып кетпек болған.

2024 жылдың басынан бері Астана қаласы бойынша  «Әуежай-Астана» кеден бекетінің қызметкерлері кедендік бақылау кезінде жалпы құны 400 миллион теңгеден астам валютаны заңсыз әкетудің 22 фактісін құрықтады.

Мәселен, жыл басында «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайында «Астана – Ыстамбұл» халықаралық рейсін ке­дендік бақылау кезінде Қазақстан Рес­пуб­ликасының азаматы 74 миллион тең­геден астам құнды шетелдік валютаны заң­сыз әкетпек болған.   Бұл ретте Астана қаласы бойынша Эко­номикалық тергеу департаментіне қыл­мыстық құқықбұзушылық белгілерімен 172 млн теңгеден астам сомаға 3 материал, әкім­­­­­шілік құқықбұзушылық белгілерімен 281 млн теңгеге 19 факті тіркелді. Бұларға  664 560 теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар азаматтар жалпы сал­мағы 433 грамм алтын құймаларын және жал­пы салмағы 3 000 грамм коллекциялық монеталарды (құны 70 миллион теңгеден астам) заңсыз алып кетпек болған. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, еліміздің Ұлттық банкі шы­ғарған, Қазақстаннан 10 000 АҚШ дол­лары баламасынан асатын сомаға қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын және ал­тын құймаларын, инвестициялық мо­нета­ларды және т.б. әкетуге тыйым салын­ғанын.  Жоғарыда аталған нормаларды бұзға­ны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауап­кершілік қарастырылғанын.