T-Newspaper

Отандық университет әлемдік пәндік рейтингте үздік елулікке енді

Еліміздің жетекші уни­верситеті 17 пәндік және 3 салалық рей­тингте ұсынылған.

Қазақстандық білім беру бағдарла­ма­сы тұңғыш рет халықаралық QS пән­дік рейтингінің бойынша топ-50 қа­та­рына енді. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлт­тық университеті – «Қонақжайлылық жә­не демалысты басқару» пәні бойынша ал­ғашқы 50 оқу орны қатарына кірген Ор­талық Азияның жалғыз оқу ордасы. Бар­лығы 149 елден 5 000-ға жуық әлем­дік университеттің көрсеткіштері тал­дан­ды. Әлемнің жоғары оқу орын­да­рын­да оқытылатын пәндердің сапасын британдық Quacquarelli Symonds агент­тігі бағалады. QS World University Rankings by Subjects 2024 халықаралық пәндік рейтингі жария­лан­ды. Оның нәтижесі бойынша Еуразия ұлт­тық университеті жоғары көрсеткіштерді ба­ғындырумен қатар рейтингтегі өкілдігін 20 пәнге дейін кеңейтті. Еліміздің жетекші уни­верситеті 17 пәндік және 3 салалық рей­тингте ұсынылған. ЕҰУ Қазақстанның жоғары оқу орын­да­ры арасында QS пәндік рейтингісінің топ-100 көш бастап тұр. Үздік бірінші жүздікке бір­ден 5 пән кірді: «Қонақжайлылық және де­­­малысты басқару» (49), «Өнер және ди­зайн» (51-100 аралығы), «Лингвистика» (69), «За­манауи тілдер» (84) және «Ағылшын тілі мен әдебиеті» (93). ЕҰУ «Қонақжайлылық және демалысты бас­қару» бағытында рекордтық жетістіктер көрсетіп, әлемдегі 2253 университет ара­сын­да алғашқы топ-50 енген Орталық Азиядағы жал­ғыз жоғары оқу орны болды. Өткен жылы университеттің аталған пән бойынша көр­сеткіші 51-100 аралығын құраған. Жо­ғары нәтижелерге бір басылымға дәйек­сөз­дер саны көрсеткіштерінің жоғарылауы ар­­­қасында қол жеткізілді.  Көптеген сала бойынша ЕҰУ ондаған са­тыға жоғары көтеріліп, өткен жылғы нә­ти­желерді жақсартты: «Тіл білімі» бойынша 94-тен 69-орынға, «Заманауи тілдер» – 88-ден 84-орынға, «Техника және технология» саласы бойынша 200 позицияға алға ілгерілеп, 327-орынға ие болды. Өткен жылмен салыстырғанда «Ар­хео­логия», «Өнер және дизайн», «Ағылшын тілі мен әдебиеті», «Тарих», «Қазіргі тілдер», «Эко­но­мика және эконометрика», «Қонақжай­лы­лық және демалысты басқару», «Инженерия және технология» пәндері бойынша көрсет­кіш­­тер едәуір жоғарылады. Алғаш рет әлемдік рейтингке «Білім» (топ-400), «Әлеуметтану» (топ-300) және «Электр­лі және электрондық инженерия» (топ-530) пәндері кірді. Пәндік рейтингте университеттің ака­демиялық сарапшылар мен жұмыс берушілер ара­сындағы беделі, академиялық зерт­теу­лер­дің дәйексөздері, жарияланымдардың Хирш ин­дексі және халықаралық зерттеу желісінің индексі бағаланады.